| ыңғайлы кирил әрпімен жазу құралы |
[Jul. 10th, 2007|11:19 pm] |
орнату әдісі: 1. алдымен FireFox шолғышын (браузерін) орнатуыңыз қажет. бұл үшін мыннан тиісті амалдық жүйеңіз үшін ұнатқан тіліңіздегі (өкінішке орай қазақшасы әлі жоқ) нұсқаны қотарып алыңыз. орнату онша уақытыңызды алмас, дискідегі қажет орын - не бары 25 Мб. 2. бұдан кейін дәл сол тораптан қосымша келесі add-on-ды қотарып аламыз да, шолғышқа қосамыз (аутоматтық түрде өткізіледі) 3. шолғышты жауып, қайта ашу қажет болады. бұдан соң шолғыштың Options=>ToCyrillic Options мәзірін (менюсын) ашамыз. 4. шыққан терезеде берілген тілдер тізімінен Kazakh жолағын таңдап, OK-ді басамыз.
енді құрал дайын. уеб-тораптың қайсы бір алаңында, не шолғыштың іздеу жолағында кирил әріптерімен жаза аласыз.
пайдалану әдісі: 1. кирилмен жазайын деп жатқан торап ішіндегі алаңға барамыз (мысалы блогқа мәндеме (комментарий) қосу алаңы делік). 2. пернетақтаның үстіңгі жағындағы F2 пернесін басып, кирил әліпбиі күйіне көшеміз (әдетте мәтініңізді енгізіп жатқан алаңның айналасында нүктелі сызық пайда болуы тиіс). 3. қалағанымызды жазамыз :)
осы жазуымды түгелдей сонымен тердім :))
сұрағыңыз болса, күтемін :)
P.S.: жалпы, файрфокс шолғышында бұдан басқа да неше түрлі қосымшалар бар, соның ішінде кеңейтілмелер, сөздіктер, плагиндар, скиндар, іздеу құралдары - қазір бар шолғыштардың ішіндегі ең үздігі осы десем, қателеспеспін :)) |
|
|