Home
интернетте басы қалғырдың сандырағы [entries|archive|friends|userinfo]
GaiJin

ауылым => QazTranslit
мен туралы => userinfo
бұрыңғы сандырағым => мұрағат

Links
[Links:| _QazTranslit _KZworld _Google _Уикипедия ____RSS _Atom ]

ыңғайлы кирил әрпімен жазу құралы [Jul. 10th, 2007|11:19 pm]
[Tags|, ]

орнату әдісі:
1. алдымен FireFox  шолғышын (браузерін) орнатуыңыз қажет. бұл үшін мыннан тиісті амалдық жүйеңіз үшін ұнатқан тіліңіздегі (өкінішке орай қазақшасы әлі жоқ) нұсқаны қотарып алыңыз.  орнату онша уақытыңызды алмас, дискідегі қажет орын - не бары 25 Мб.
2. бұдан кейін дәл сол тораптан қосымша келесі add-on-ды қотарып аламыз да, шолғышқа қосамыз (аутоматтық түрде өткізіледі)
3. шолғышты жауып, қайта ашу қажет болады. бұдан соң шолғыштың Options=>ToCyrillic Options мәзірін (менюсын) ашамыз.
4. шыққан терезеде берілген тілдер тізімінен Kazakh жолағын таңдап, OK-ді басамыз.

енді құрал дайын. уеб-тораптың қайсы бір алаңында, не шолғыштың іздеу жолағында кирил әріптерімен жаза аласыз.

пайдалану әдісі:
1. кирилмен жазайын деп жатқан торап ішіндегі алаңға барамыз (мысалы блогқа мәндеме (комментарий) қосу алаңы делік).
2. пернетақтаның үстіңгі жағындағы F2 пернесін басып, кирил әліпбиі күйіне көшеміз (әдетте мәтініңізді енгізіп жатқан алаңның айналасында нүктелі сызық пайда болуы тиіс).
3. қалағанымызды жазамыз :)

осы жазуымды түгелдей сонымен тердім :))

сұрағыңыз болса, күтемін :)

P.S.: жалпы, файрфокс шолғышында бұдан басқа да неше түрлі қосымшалар бар, соның ішінде кеңейтілмелер, сөздіктер, плагиндар, скиндар, іздеу құралдары - қазір бар шолғыштардың ішіндегі ең үздігі осы десем, қателеспеспін :))
Link8 жан жай өтпеді|пікір қалдыр

жаңа плеер [Jul. 3rd, 2007|12:38 pm]
[Tags|]
[тыңдап отырғаным |stereophonics]

қолыма ресей программистері шығарған AIMP деген аудио плеері түсті. дискіде алатын орны не бары 3.0 Мб; оперативтік желіні де онша жүктемейді. неше түрлі скині бар, тіпті қаласаңыз WinAmp-тан аумайтындай қып істеп алуыңызға болады. жалпы, плеер белгілі BASS аудио қозғалтқышына негізделгесін, бұл жобаның плагиндерін де плеерге қосуға болатын көрінеді. басқа пайдаланушылардың сөзіне сүйенсек, WinAmp және тәріздестерден кем емес, қайта асатын құрал.

және ең бастысы плеердің қазақша интерфейсі бар. алғысты Арслан Бейсеновке айтуға болады.

мына екі жерден қотарып алуға болады: http://www.catode.ru/aimp/aimp_full.exe не http://aimp.ru/aimp/aimp_1.77.9.exe
құрастырушының ресми торабы:  AIMP Classic (орысша)
Link3 жан жай өтпеді|пікір қалдыр

navigation
[ viewing | most recent entries ]