| |
[Feb. 16th, 2006|03:46 am] |
орфографияны тексеру құралын жаза бастадым. алдымен сөздер дерекқорын жинау керек. сонымен шұғылданып жатырмын. кездескен проблемалар: 1. сөзді файлға қосқан кезде, кейде(!) не сөздің алфавиттік реті келіспейді, не сөздердің арасында бос алаң(дар) пайда болады, не алдыңғы сөзбен бірігіп кетіп, орынсыз қаріптер шығады; 2. "бағасы-8" секілді әлі назар аудармаған символдар кіріп кетеді;
проблемаларды тудыратын себептер мүмкін келесі деп ойлаймын: 1а. алаңның құрылымын дұрыс білмеймін (жаңа алаңға көшу символынан басқа қандайы бар?). 1ә. соның салдарынан pointer-ды керекті жеріне апармай отырмын; 1б. не fseek, rewind функциялары шынында да http:// протоколымен дұрыс жұмыс істемейді; 2. add_word-ке сөздерді дұрыстап сұрыптап беру қажет
ертең тағы жаза отырармын...
|
|
|