GaiJin ([info]sulag) wrote,
@ 2007-07-10 23:19:00
Previous Entry  Add to memories!  Tell a Friend!  Next Entry
Entry tags:soft, web

ыңғайлы кирил әрпімен жазу құралы
орнату әдісі:
1. алдымен FireFox  шолғышын (браузерін) орнатуыңыз қажет. бұл үшін мыннан тиісті амалдық жүйеңіз үшін ұнатқан тіліңіздегі (өкінішке орай қазақшасы әлі жоқ) нұсқаны қотарып алыңыз.  орнату онша уақытыңызды алмас, дискідегі қажет орын - не бары 25 Мб.
2. бұдан кейін дәл сол тораптан қосымша келесі add-on-ды қотарып аламыз да, шолғышқа қосамыз (аутоматтық түрде өткізіледі)
3. шолғышты жауып, қайта ашу қажет болады. бұдан соң шолғыштың Options=>ToCyrillic Options мәзірін (менюсын) ашамыз.
4. шыққан терезеде берілген тілдер тізімінен Kazakh жолағын таңдап, OK-ді басамыз.

енді құрал дайын. уеб-тораптың қайсы бір алаңында, не шолғыштың іздеу жолағында кирил әріптерімен жаза аласыз.

пайдалану әдісі:
1. кирилмен жазайын деп жатқан торап ішіндегі алаңға барамыз (мысалы блогқа мәндеме (комментарий) қосу алаңы делік).
2. пернетақтаның үстіңгі жағындағы F2 пернесін басып, кирил әліпбиі күйіне көшеміз (әдетте мәтініңізді енгізіп жатқан алаңның айналасында нүктелі сызық пайда болуы тиіс).
3. қалағанымызды жазамыз :)

осы жазуымды түгелдей сонымен тердім :))

сұрағыңыз болса, күтемін :)

P.S.: жалпы, файрфокс шолғышында бұдан басқа да неше түрлі қосымшалар бар, соның ішінде кеңейтілмелер, сөздіктер, плагиндар, скиндар, іздеу құралдары - қазір бар шолғыштардың ішіндегі ең үздігі осы десем, қателеспеспін :))



(Post a new comment)


(Anonymous)
2007-07-11 08:22 am UTC (link)
Файрфокс сөзсіз ыңғайлы. Өкінішке қарай менің лаптопымда бұл программа жұмыс істемейді. Соңғы нұсқасын қотарып алдым. Амалым не? Бұрын бір вирус кіріп кетіп еді. Сол файлдарымды жеп қойып, соның салдарынан көптеген программалар жұмыс істемейді. Мысалы, Адоп, Файрфокс, т.б. не істесем болады?
Асхат

(Reply to this)(Thread)


[info]sulag
2007-07-11 09:51 am UTC (link)
файрфокстың орнатылмауы қызық болды ғой.
негізі системаға вирус жұққаннан кейін, түгелдей тазарту керек сияқты,
бірақ бұндай шара қолдан деуге батылым жетпейді :)

(Reply to this)(Parent)

;)
(Anonymous)
2007-07-11 04:45 pm UTC (link)
Osymen arbireuimiz bir bir sholgyshty jarnamalaityn boldik koi. Firefox jaksy, birak translit istemei jur.. Men ali translit koldanamin, uirenip ketippin :)

(Reply to this)(Thread)

Re: ;)
[info]sulag
2007-07-12 09:33 am UTC (link)
транслитті жаңартамын, осы емтихан бітсінші :)
ыңғайсыздық үшін кешірім өтінеміз m(_ _)m
:)

(Reply to this)(Parent)(Thread)

Re: ;)
(Anonymous)
2007-07-20 03:13 am UTC (link)
Сенің кирилл жазбаң көрінбей тұр, бұл неден? Шрифтіден бе әлде лайвджорнал кирилді ұнатпай ма? Жалпы латынға көшпей-ақ осы инетті қазақы кирилға ыңайлап алсақ қалай болады?

(Reply to this)(Parent)(Thread)

Re: ;)
[info]sulag
2007-07-24 10:52 am UTC (link)
бұған livejournal-ға емес, бетті оқып отырған пайдаланушының шолғышында (браузерінде) тиісті фонттардың бар-жоғына байланысты

(Reply to this)(Parent)


(Anonymous)
2007-07-21 07:16 pm UTC (link)
Лаптоптың ішін қағып сілкіп жаңалап алдым. Қазір файерфокс шолғышы мүлтіксіз қызмет етіп тұр. Жәй, қуанышыммен бөлісейін дегенім ғой, Сулаг! Тағы қандай жаңалықтарың бар?
Асхат

(Reply to this)(Thread)


[info]sulag
2007-07-24 11:05 am UTC (link)
әзірше еш жаңалық жоқ, Әсеке, тыныштық :)
файрфоксқа көшуің құтты болсын, айтпақшы, кириллица құралының ауыстыру ережелерін өз қолымен өзгертуге болады. ол үшін
1)шолғыштың адрес жолағында about:config деп теріп,
2)шыққан беттің фильтр жолағында cyrillic деп,
3)extensions.tocyrillic.layouts.qaztranslitcom жолағында ауыстыру ережелерін қалағаныңша ауыстыра бер; не тіпті жаңадан өзіңдікін жаса :)
көбірек көмек мында: http://www.benya.com/cyrillic/tocyrillic/layout.html (орысша)

файрфокстың осы жері тамаша, қалағаныңша икемдей беруің болады

(Reply to this)(Parent)


Create an Account
Forgot your login?
Login w/ OpenID
English • Español • Deutsch • Русский…