| GaiJin ( @ 2006-07-20 21:50:00 |
соңғы кезде LiveJournal-да қазақша жазамын деген адамдардың саны көбейіп келетін сияқты. бұл тек LJ-дағы тенденция емес, жалпы қазақ интернетінің біртіндеп бас көтеріп жатқанының көрсеткіші деп ойлаймын. бірақ көпшіліктің біріншіден тап болатын кедергісі - қазақша пернетақта жаймасының* (keyboard layout, раскладка клавиатуры) жоқтығы болар. жайманы орнатқанмен, қазақ таңбаларының дұрыс көрсетілмеуі де бір үлкен проблема болып тұр.
бірінші мәселенің шешімі:
1) қазақша пернетақта жаймасын орнату. бұны былай істей аласыз:
1. "Start" => "Control Panel" =>"Clock, Language, and Region"=>"Regional and Language Options"
2. "Keyboards and Languages" = "Settings"
3. "Installed Services" => "Add".
1."Пуск"=>"Панель управления"=>"Язык и региональные стандарты"
2."Языки"=>"Подробнее"=>"Языки и службы текстового ввода."
3."Язык ввода по умолчанию"=>"Применить"
2) интернетке қолыңыз жетсе, транслит құралын пайдалану: http://qaztranslit.com
екінші мәселенің шешімі:
Arial не Sans-Serif қаріптерін*(font) қолдану. бұл үшін жазуыңыздың басымен аяғында келесі кодты қосыңыз:
басында: <font face="Arial"> аяғында </font>
не
басында: <font face="Sans-Serif"> аяғында </font>
*компьютер саласына тиісті көбірек терминдер мен ағылшынша аудармаларын мыннан көре аласыз.