| GaiJin ( @ 2006-06-14 21:37:00 |
көөөптен бері жазбай келдім :)
мүмкін білетін шығарсыз, білмесеңіз айтып өтейін: бірінші қазақша интерфейсті тегін интернет пошта қызметі ашылды! өзіме тіркелгі жасап алдым.
артықшылығы:
аудармасы, интерфейсі - тамаша. жоба негізі php-де жазылған көрінеді. javascript-ті де аямай қолданған. жалпы көрінісі, бір сөзбен айтса - тамаша.
кемшіліктері:
домені kz болғасын жылдамдығы кішкене баяу, істмей қалатын кездері де болады (осыны жазып отырғанда аша алмадым :) сақтау орны да, турасын айтсақ, биттей (не бары 5 Мб), бірақ ең бастысы қазақша, ана тілімізде жасалған!
аудармашы ретінде көзіме түскен терминдер:
икемдеу - preferences;
қалта - folder (бұл MS-тың аудармасы)
бұған қоса, қазақша интерфейсті іздеу құралы ашылды=>qazaq.kz/search.php. былтыр қазақша нұсқасы шыққан Google-мен бәсекелескісі келсе, орыстың yandex-і сияқты, жергілікті тілдің (қазақ тілінің) грамматикасын ұғуы қажет. әйтпесе, жылдамдық жағынан Google алыбымен салыстыруға бармайды. мүмкіндіктері де шектеулі.