құралымды жазу барысында үлкен бір бөгетке тірелдім. менің жоспарым бойынша дерекқорға әр сөздің бүкіл грамматикалық формасын жазып, тексерген уақытта сол жиналған сөздерден іздеу жүргізсем болды деп ойлағам. бірақ тілімізде бір сөздің соншама грамматикалық түрі бар екен деп ойламаппын. мысалы "көз" сөзін жіктеп, септеп көрейік (7 септік, 3 жақ, жекеше/көпше түрлері):
Атау септік (кім? не?)
| көз | жекеше түрі | көпше түрі |
| 1-ші жақ | көзім | көзіміз |
| 2-ші жақ | көзің | көзіңіз |
| 3-ші жақ | көзі | |
|
| көздер | жекеше түрі | көпше түрі |
| 1-ші жақ | көздерім | көздеріміз |
| 2-ші жақ | көздерің | көздеріңіз |
| 3-ші жақ | көздері | |
|
Ілік септік (кімнің? ненің?)
| көздің | жекеше түрі | көпше түрі |
| 1-ші жақ | көзімнің | көзіміздің |
| 2-ші жақ | көзіңнің | көзіңіздің |
| 3-ші жақ | көзінің | |
|
| көздердің | жекеше түрі | көпше түрі |
| 1-ші жақ | көздерімнің | көздеріміздің |
| 2-ші жақ | көздеріңнің | көздеріңіздің |
| 3-ші жақ | көздерінің | |
|
Барыс септік (кімге? неге?)
| көзге | жекеше түрі | көпше түрі |
| 1-ші жақ | көзіме | көзімізге |
| 2-ші жақ | көзіңе | көзіңізге |
| 3-ші жақ | көзіне | |
|
| көздерге | жекеше түрі | көпше түрі |
| 1-ші жақ | көздеріме | көздерімізге |
| 2-ші жақ | көздеріңе | көздеріңізге |
| 3-ші жақ | көздеріне | |
|
Табыс септік (кімді? нені?)
| көзді | жекеше түрі | көпше түрі |
| 1-ші жақ | көзімді | көзімізді |
| 2-ші жақ | көзіңді | көзіңізді |
| 3-ші жақ | көзін | |
|
| көздерді | жекеше түрі | көпше түрі |
| 1-ші жақ | көздерімді | көздерімізді |
| 2-ші жақ | көздеріңді | көздеріңізді |
| 3-ші жақ | көздерін | |
|
Жатыс септік (кімде? неде?)
| көзде | жекеше түрі | көпше түрі |
| 1-ші жақ | көзімде | көзімізде |
| 2-ші жақ | көзіңде | көзіңізде |
| 3-ші жақ | көзінде | |
|
| көздерде | жекеше түрі | көпше түрі |
| 1-ші жақ | көздерімде | көздерімізде |
| 2-ші жақ | көздеріңде | көздеріңізде |
| 3-ші жақ | көздерінде | |
|
Шығыс септік (кімнен? неден?)
| көзден | жекеше түрі | көпше түрі |
| 1-ші жақ | көзімнен | көзімізден |
| 2-ші жақ | көзіңнен | көзіңізден |
| 3-ші жақ | көзінен | |
|
| көздерден | жекеше түрі | көпше түрі |
| 1-ші жақ | көздерімнен | көздерімізден |
| 2-ші жақ | көздеріңнен | көздеріңізден |
| 3-ші жақ | көздерінен | |
|
Көмектес септік (кіммен? немен?)
| көзбен | жекеше түрі | көпше түрі |
| 1-ші жақ | көзіммен | көзімізбен |
| 2-ші жақ | көзіңмен | көзіңізбен |
| 3-ші жақ | көзімен | |
|
| көздермен | жекеше түрі | көпше түрі |
| 1-ші жақ | көздерімізбен | көздерімізбен |
| 2-ші жақ | көздеріңізбен | көздеріңізбен |
| 3-ші жақ | көздерімен | |
|
ақырында 84 сөз боп шықты. ал бұл тек зат есімнің жіктеуін ғана өткізгенім. мысалға, сөз қорының тиімді көлемі бір 20 мың зат есім болсын дейікші, сонда әр сөздің бүкіл формаларын жинап отырсам, тек зат есімі 1'400'000-нан асатын қормен жұмыс істеуім керек болады. сонда 1000 сөзден тұратын текстті әр сөзін сол қордан іздей отырып неше сағатта тексеріп бітіреді екенмін?
басқа бір әдісін табу керек