| ыңғайлы кирил әрпімен жазу құралы |
[Jul. 10th, 2007|11:19 pm] |
орнату әдісі: 1. алдымен FireFox шолғышын (браузерін) орнатуыңыз қажет. бұл үшін мыннан тиісті амалдық жүйеңіз үшін ұнатқан тіліңіздегі (өкінішке орай қазақшасы әлі жоқ) нұсқаны қотарып алыңыз. орнату онша уақытыңызды алмас, дискідегі қажет орын - не бары 25 Мб. 2. бұдан кейін дәл сол тораптан қосымша келесі add-on-ды қотарып аламыз да, шолғышқа қосамыз (аутоматтық түрде өткізіледі) 3. шолғышты жауып, қайта ашу қажет болады. бұдан соң шолғыштың Options=>ToCyrillic Options мәзірін (менюсын) ашамыз. 4. шыққан терезеде берілген тілдер тізімінен Kazakh жолағын таңдап, OK-ді басамыз.
енді құрал дайын. уеб-тораптың қайсы бір алаңында, не шолғыштың іздеу жолағында кирил әріптерімен жаза аласыз.
пайдалану әдісі: 1. кирилмен жазайын деп жатқан торап ішіндегі алаңға барамыз (мысалы блогқа мәндеме (комментарий) қосу алаңы делік). 2. пернетақтаның үстіңгі жағындағы F2 пернесін басып, кирил әліпбиі күйіне көшеміз (әдетте мәтініңізді енгізіп жатқан алаңның айналасында нүктелі сызық пайда болуы тиіс). 3. қалағанымызды жазамыз :)
осы жазуымды түгелдей сонымен тердім :))
сұрағыңыз болса, күтемін :)
P.S.: жалпы, файрфокс шолғышында бұдан басқа да неше түрлі қосымшалар бар, соның ішінде кеңейтілмелер, сөздіктер, плагиндар, скиндар, іздеу құралдары - қазір бар шолғыштардың ішіндегі ең үздігі осы десем, қателеспеспін :)) |
|
|
| жаңа плеер |
[Jul. 3rd, 2007|12:38 pm] |
| [ | Tags | | | soft | ] |
| [ | тыңдап отырғаным |
| | stereophonics | ] |
қолыма ресей программистері шығарған AIMP деген аудио плеері түсті. дискіде алатын орны не бары 3.0 Мб; оперативтік желіні де онша жүктемейді. неше түрлі скині бар, тіпті қаласаңыз WinAmp-тан аумайтындай қып істеп алуыңызға болады. жалпы, плеер белгілі BASS аудио қозғалтқышына негізделгесін, бұл жобаның плагиндерін де плеерге қосуға болатын көрінеді. басқа пайдаланушылардың сөзіне сүйенсек, WinAmp және тәріздестерден кем емес, қайта асатын құрал.
және ең бастысы плеердің қазақша интерфейсі бар. алғысты Арслан Бейсеновке айтуға болады.
мына екі жерден қотарып алуға болады: http://www.catode.ru/aimp/aimp_full.exe не http://aimp.ru/aimp/aimp_1.77.9.exe құрастырушының ресми торабы: AIMP Classic (орысша) |
|
|
| Google қатырды |
[Apr. 1st, 2007|07:36 pm] |
Google-дың интернетке тегін қосылу жаңа қызметі. өткізіп жібермеңіз!
Google TiSP (BETA)
қызмет 1-ші сәуірден бастап ұсынылады |
|
|
| теңгенің жаңа бейнесі |
[Mar. 30th, 2007|09:49 pm] |
 теңгеміздің жаңа символы ұсынылыпты. қабыл болсын, осы символдың арқасында теңгеміз нығайсын, тұрақталсын, көп жасап кеңге тарасын... дегенмен жапондардың ұлттық поштасының рәмізіне бір назар аударуға шақырамын:

Юникоды да бар: 〒 U3012
бір жерде көрген сияқтымын :) |
|
|
| араб транслиті |
[Dec. 18th, 2006|05:20 am] |
қазақша араб қаріптерімен жазамын дегендер үшін мына құралды ұсыныс етемін=> http://www.kzazamat.com/kazak/
قازاقشا اراب قارئپتةرئمةن جازامئن دةگةندةر ءذشئن مئنا قذرالدئ ذسئنئس ةتةمئن => http://www.kzazamat.com/kazak/ |
|
|
| Одағайлар |
[Oct. 14th, 2006|11:59 pm] |
көптен бері жазбай кетіппім :) қолыма Ахмади Ысқақұлы Ысқақовтың (ақпарат орысша) "Қазіргі қазақ тілі, морфология" деген оқулығы түсті. тамаша жазылған. өзім сияқты, қазақ тілін үйренемін дегенмен интернеттен еш нәрсе таба алмай жүргендер үшін, осы кітаптан біраз үзінділер теріп қойсам, пайдасы болар деп ойладым. ал басталық:
қазақ тілінде неше сөз табы бар екенін білесіз бе? алдымен сөз табы не екенін біледі ме екенсіз? Сөз табы деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын атаймыз.
ағылшынша айтсақ, part of speech, орысша болса, часть речи. нақты анықтамасын мынан көріңіз.
сонымен қазақ тілінде барлығы 9 сөз табы бар, атап айтсақ:
| сөз табы | сұрауы | ағыл. | орыс. | | Зат есім | кім? не? | noun | имя существительное | | Сын есім | қандай? қай? (қалай?) | adjective | имя прилагательное | | Сан есім | | numeral | имя числительное | | Есімдік | | pronoun | местоимение | | Етістік | не істеді? не қылды? | verb | глагол | | Үстеу | қалай? | adverb | наречие | | Шылау | | postposition | послелог | | Еліктеу сөз | | imitative word | звукоподражательное слово | | Одағай | | interjection | междометие |
Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған.
|
Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай?; Па, сабаз, мал болғаныңа!; Түу, қандай тымырсық түн; Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.
|
Сонымен ағылшынның wow! деген одағайы қазақ тілінде де бар екен: уау. Бірақ ағылшынның wow!-ы көбінесе жастардың ауызынан шығатын сөз болса, қазақтың уау-ын енді тек қарттардан ғана еститін шығарсың :)) "е" одағайы жапон тілінде де бар. және басқа да күнделікті өмірде қолданатын одағайлары қазақтікіне ұқсас. "е, мынауың не?", "ә, оны қойшы?" дегендері біздікіне келеді. жалпы жапонша мен қазақшаның ұқсас жерлері көп. соған қарағанда, жапон тілін алтай тобына қосатындарды түсінесің.
Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Негізігі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып та қолданылады.
|
Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға ... сияқтағандар жатады.
|
одағай туралы көбірек мыннан біле аласыз
|
|
|
|
| (no subject) |
[Jul. 20th, 2006|09:50 pm] |
соңғы кезде LiveJournal-да қазақша жазамын деген адамдардың саны көбейіп келетін сияқты. бұл тек LJ-дағы тенденция емес, жалпы қазақ интернетінің біртіндеп бас көтеріп жатқанының көрсеткіші деп ойлаймын. бірақ көпшіліктің біріншіден тап болатын кедергісі - қазақша пернетақта жаймасының* (keyboard layout, раскладка клавиатуры) жоқтығы болар. жайманы орнатқанмен, қазақ таңбаларының дұрыс көрсетілмеуі де бір үлкен проблема болып тұр.
бірінші мәселенің шешімі: 1) қазақша пернетақта жаймасын орнату. бұны былай істей аласыз: 1. "Start" => "Control Panel" =>"Clock, Language, and Region"=>"Regional and Language Options" 2. "Keyboards and Languages" = "Settings" 3. "Installed Services" => "Add". 1."Пуск"=>"Панель управления"=>"Язык и региональные стандарты" 2."Языки"=>"Подробнее"=>"Языки и службы текстового ввода." 3."Язык ввода по умолчанию"=>"Применить"
2) интернетке қолыңыз жетсе, транслит құралын пайдалану: http://qaztranslit.com
екінші мәселенің шешімі: Arial не Sans-Serif қаріптерін*(font) қолдану. бұл үшін жазуыңыздың басымен аяғында келесі кодты қосыңыз: басында: <font face="Arial"> аяғында </font> не басында: <font face="Sans-Serif"> аяғында </font>
*компьютер саласына тиісті көбірек терминдер мен ағылшынша аудармаларын мыннан көре аласыз.
|
|
|
| (no subject) |
[Jun. 14th, 2006|09:37 pm] |
көөөптен бері жазбай келдім :) мүмкін білетін шығарсыз, білмесеңіз айтып өтейін: бірінші қазақша интерфейсті тегін интернет пошта қызметі ашылды! өзіме тіркелгі жасап алдым. артықшылығы: аудармасы, интерфейсі - тамаша. жоба негізі php-де жазылған көрінеді. javascript-ті де аямай қолданған. жалпы көрінісі, бір сөзбен айтса - тамаша. кемшіліктері: домені kz болғасын жылдамдығы кішкене баяу, істмей қалатын кездері де болады (осыны жазып отырғанда аша алмадым :) сақтау орны да, турасын айтсақ, биттей (не бары 5 Мб), бірақ ең бастысы қазақша, ана тілімізде жасалған! аудармашы ретінде көзіме түскен терминдер: икемдеу - preferences; қалта - folder (бұл MS-тың аудармасы)
бұған қоса, қазақша интерфейсті іздеу құралы ашылды=>qazaq.kz/search.php. былтыр қазақша нұсқасы шыққан Google-мен бәсекелескісі келсе, орыстың yandex-і сияқты, жергілікті тілдің (қазақ тілінің) грамматикасын ұғуы қажет. әйтпесе, жылдамдық жағынан Google алыбымен салыстыруға бармайды. мүмкіндіктері де шектеулі.
|
|
|
| navigation |
| [ |
viewing |
| |
most recent entries |
] |
| [ |
go |
| |
earlier |
] |
| |
|
|